Мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Қарасай аудандық Мәдениет үйінде ерекше балаларға арналған «Жүректен жүрекке» атты дәстүрлі мерекелік фестиваль өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғам өміріне белсене араласуына және бойындағы дарынын танытуына мүмкіндік беру. Мерекелік шараға 50-ге жуық ерекше …
Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жасыл Ел еңбек жасақшыларымен бірлесе «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Жасыл Аймақ атты тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌿 Іс-шара барысында Қаскелең қаласының тұрғындар мен белсенді жастар бірлесе отырып, қала аумағындағы орталық көшелерінде қоқыстан тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқарды. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, туған өлкенің тазалығын сақтау және тұрғындар …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Әскерге шақыру жасындағы азаматтарды хабардар ету жұмыстары аясында әскери басқару органдарына келу қажеттілігі туралы хабарлама табысталды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде азаматтардың бірі Қарасай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне өз еркімен баруға ниет білдірді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әскери басқару органдарының шақыруы бойынша белгіленген уақытта келу – азаматтардың міндеті. Әскери есепке жауапкершілікпен қарау әр азаматтың міндеті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «SAQTAN-2026» жобасы шеңберінде Қарасай ауданы колледждерінің студенттері арасында спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Жарыс барысында жігіттер мини-футболдан, ал қыздар волейболдан бақ сынап, өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық рухтарын көрсетті. Тартысты ойындар қатысушылардың белсенділігін арттырып, өзара қолдау …
Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақ аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, сенбілікке белсене атсалысқан барша тұрғындарға, мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Осыдан тура бір жыл бұрын тұсауы кесілген «Qonaev Media» Алматы облыстық телеарнасының Алматы қаласындағы филиалының табалдырығынан аттадық. Елімізге танымал журналист Қымбат Досжанның «Елге қызмет» атты авторлық бағдарламасының қонағы болу үшін. Өйткені, қонағы осы жолдардың авторы емес, біз бар болғаны ұйымдастырушымыз, журналистпен ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов сұхбат құрды. Атының өзі айтып тұрғандай, …
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, публицист, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай орталығымызда «Өрнекті өлең, өр рух – Қасым жыры» атты танымдық сабақ өтті. Шараға Қарасай батыр атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінде алатын орны туралы мағлұмат алды. Танымдық сабақ барысында оқушылар ақынның өнегелі өмір жолымен танысып, рухты …
Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері SDU университетінің студенттері арасында ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттерге полиция қызметіне орналасу талаптары, үміткерлерге қойылатын шарттар және құқық қорғау органдарында қызмет атқару мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.










