Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жасыл Ел еңбек жасақшыларымен бірлесе «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Жасыл Аймақ атты тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌿
Іс-шара барысында Қаскелең қаласының тұрғындар мен белсенді жастар бірлесе отырып, қала аумағындағы орталық көшелерінде қоқыстан тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқарды.
Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, туған өлкенің тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

