Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында әкімшілік ғимаратының аумағы абаттандырылып, айналадағы қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

