Қарасай ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен насихаттау мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін тұрғындарға тікелей ұсынып, азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатты. Сауда сөрелерінен ет және сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді және басқа да күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрлерін табуға болады.

