Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!
Қазіргі уақытта облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, іздеуде жүрген адамдарды анықтау және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Қауіпсіздік – ортақ міндет! Заңды құрметтейік, қоғамдық тәртіпті сақтайық және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындайық!

