Бүгін Қарасай ауданы әкімінің қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен Жасыл Аймақ тақырыбында Жастар аллеясында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі бастама ауданның жасыл желегін көбейтуге, қоршаған ортаны қорғауға және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Жастардың табиғатты қорғауға қосқан үлесі – жарқын болашаққа жасалған қадам!

