Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, публицист, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай орталығымызда «Өрнекті өлең, өр рух – Қасым жыры» атты танымдық сабақ өтті.
Шараға Қарасай батыр атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінде алатын орны туралы мағлұмат алды. Танымдық сабақ барысында оқушылар ақынның өнегелі өмір жолымен танысып, рухты жырларының мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ақын мұрасын дәріптеу және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

