Бүгін мектебіміздің маңында орналасқан сауда орындарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зиянды өнімдерді тұтынудың алдын алу мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
Іс-шараны Қарасай АПБ ҚҚБ ЮПБ инспекторы, полиция майоры Р. А. Уркинбаев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э. Бабаханова және М. Омарова бірлесіп жүргізді.
Рейд барысында дүкен иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін, электрондық темекілерді және алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу, энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу, сондай-ақ шығу тегі белгісіз және таңбаланбаған азық-түлік өнімдерін сатпау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

