Қарасай ауданы Полиция басқармасында ІІМ ардагерлерінің қатысуымен және «Жас сақшы» сыныбы оқушыларының атсалысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара барысында жас ұрпақ полиция саласының дамуына үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ерлікке толы еңбегі мен өнегелі жолын ұлықтады. Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа міндет!
Қарасай ауданына қарасты «Aport Mall West» сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңының 6-бабы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ономастика саласына қатысты …
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудан көлемінде Алматы облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, балалардың құқықтарын, өмірі мен психологиялық денсаулығын қорғау, балаларға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Алматы облысы балалардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын қорғаудың аудандық жүйесінің алгоритмі» аясында атқарылған жұмыстарды талқылау және талдау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске …
Отанға деген сүйіспеншілік – туған жерге құрметпен қарап, елдің дамуына өз үлесін қосу арқылы көрініс табады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну және ел игілігі үшін адал еңбек ету қағидаттары қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі болып табылады. Бүгінгі таңда отаншылдық ұғымы тек елге деген сүйіспеншілікпен шектелмейді. Ол …
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы — Ақнұр Ақылбекқызының ұйымдастыруымен «Алкогольге жол жоқ!» тақырыбында Қаскелең гуманитарлы — техникалық колледжінде 150 жастың қатысуымен, жастар арасында алкогольдік ішімдіктердің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесуге Қарасай көп бейінді клиникалық ауруханасының нарколог дәрігері Ақмарал Жалғасқызы және Қарасай ювеналды полиция бөлімінің қызметкері Асқар …
Ұлттық қор – еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық институт. Оның басты мақсаты – Қазақстанның ұлттық байлығын сақтау, оны ұлғайту және қазіргі әрі келешек ұрпақтың игілігіне жарату. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында ұлттық байлықты тиімді басқару, елдің экономикалық әлеуетін арттыру және ұзақ мерзімді …
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Стоп коррупция!» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қарасай ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Төкен Ерболат Сержанұлы, Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мамиев Темірлан Қанатұлы, Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының маманы Маратов Мейірхан Мұхтарұлы және Іргелі ауылдық округі Жастар ресурстық орталығының маманы Қанағат Толқын спикер ретінде қатысты. …
Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген әлеуметтік және экономикалық міндеттер халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Әсіресе, жаңа әлеуметтік нысандар салу, ауыл шаруашылығын қолдау және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау – өңірлер үшін аса маңызды мәселелер. Мұндай бастамалар жергілікті жерлерде нақты жүзеге асса, халықтың әл-ауқаты да арта түседі.Талдықорған қаласында өткен кездесудің маңызы зор. Себебі оған Үкімет өкілдері мен депутаттардың …
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызы және Қарасай ауданы көп бейінді клиникалық ауруханасының нарколог дәрігерлері Айша Аманбайқызы, Ақмарал Жалғасқызының бірлесіп ұйымдастыруымен «САНАЛЫ ТАҢДАУ – АЛКОГОЛЬСІЗ ӨМІР!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге құрметті қонақ ретіде Алматы облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Бақтығұлова Ғалия Мұратқызы, …
Шамалған ауылдық округі әкімдігі, Қарасай ауданының Мансап орталығы және EcoJurekAlmaty ұйымының негізін қалаушысының бірлесуімен Үшқоңыр тауында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілік барысында қатысушылар тау бөктерін қоқыстан тазартып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет! Әрбір игі …










