Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Бексұлтан Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесуін өткізді. Округте жаңа өндіріс орындарын ашу және инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Жібек жолы ауылында «Caspian Beverage Holding» алкогольсіз сусындар зауытын салуға дайындық жүргізілсе, Тұрар ауылында «GLOBAL LOGISTIC COMPANY» ЖШС-і құс фабрикасының құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар …
2026 жылы 29-31 қазан аралығында Карасай ауданы аумағында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп демалысы кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қараусыз қалуы мен ересектердің бақылауынсыз жүруіне жол бермеу.
Қарасай ауданында Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қарасай аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТ полиция инспекторы капитан Бутаканов А. Белинский орта мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елубай М. дүкендерге рейд жүргізді. Рейд барысында сатушыларға кәмелетке толмағандарға темекі және электронды темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді. Мақсаты: кәмелетке толмағандарға темекі және электронды …
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында «SAQTAN-2026» облыстық спартакиадасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында нашақорлық, лудомания, буллинг, суицидтік мінез-құлық және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру. Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бағытында Алматы облысында жыл басынан бері 2 650-ден астам профилактикалық және …
Іргелі ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Диас Нұрбайұлымен бірлесіп, «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында жылыту маусымына байланысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, пештер мен электр құрылғыларын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ иіс газынан уланудың алдын …
Қарасай ауданында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысты. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заңдылықты нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті. Президент тәртіп пен заңды құрметтеу елдің тұрақты дамуының маңызды шарттары екенін айтты. Бұл міндеттер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың …
Алматы облысында «SAQTAN» жобасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарасай ауданында кезекті түнгі профилактикалық рейд өткізілді. Іс-шара барысында кәмелетке толмаған баланың жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бала табылып, ата-анасына табысталды. Сонымен қатар, түнгі уақытта көшеде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу, …
Қадірлі отандастар! Құрметті Құрылтай депутаттары және Үкімет мүшелері! Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын. Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша. 25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, …
Каждое Послание Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева – это новый импульс в развитии нашей страны, возможность переосмыслить пройденный путь и поставить задачи на будущее. По большому счету, это время для перезагрузки и обновления. В нынешнем обращении к своим соотечественникам Глава государства остановился на важных приоритетных направлениях. Но, и в самом начале, и в конце своего выступления …










