«Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті» тақырыбында жиын өтті.
Жиында орталық директоры Шарбану Шәриқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, орталықтың шаруашылық меңгерушісі Ғабит Нұрымбетов Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптары жөнінде баяндама жасады.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

