«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызы және Қарасай ауданы көп бейінді клиникалық ауруханасының нарколог дәрігерлері Айша Аманбайқызы, Ақмарал Жалғасқызының бірлесіп ұйымдастыруымен «САНАЛЫ ТАҢДАУ – АЛКОГОЛЬСІЗ ӨМІР!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге құрметті қонақ ретіде Алматы облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Бақтығұлова Ғалия Мұратқызы, Қарасай ауданы ювеналды полиция басқармасының полиция майоры Жапаркулов Айдын Жұматайұлы, Қазақстандағы «Анонимді алкоголиктер» қауымдастығының өкілдері және Қарасай ауданының отбасын қолдау орталығының директоры Елена Константинова қатысты.
Шара барысында жастарға алкоголь өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін кері әсері, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

