Қарасай ауданына қарасты «Aport Mall West» сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңының 6-бабы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ономастика саласына қатысты ақпараттар беріліп, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыратын тегін тіл үйрену курстары туралы мәліметтер ұсынылды.
Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандар өкілдерінің тіл заңнамасына деген сауаттылығын арттыру.

