Шамалған ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен әкімдік ғимаратының айналасында тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбілік өткізілді.
Іс-шара барысында аумақ күл-қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстары атқарылды.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Туған жеріміздің көркеюі мен тазалығы әрқайсымыздың үлесімізден басталады!

