«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында «SAQTAN-2026» облыстық спартакиадасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында нашақорлық, лудомания, буллинг, суицидтік мінез-құлық және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру. Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бағытында Алматы облысында жыл басынан бері 2 650-ден астам профилактикалық және …
Іргелі ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Диас Нұрбайұлымен бірлесіп, «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында жылыту маусымына байланысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, пештер мен электр құрылғыларын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ иіс газынан уланудың алдын …
Қарасай ауданында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысты. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заңдылықты нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті. Президент тәртіп пен заңды құрметтеу елдің тұрақты дамуының маңызды шарттары екенін айтты. Бұл міндеттер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың …
Алматы облысында «SAQTAN» жобасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарасай ауданында кезекті түнгі профилактикалық рейд өткізілді. Іс-шара барысында кәмелетке толмаған баланың жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бала табылып, ата-анасына табысталды. Сонымен қатар, түнгі уақытта көшеде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу, …
Қадірлі отандастар! Құрметті Құрылтай депутаттары және Үкімет мүшелері! Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын. Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша. 25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, …
Каждое Послание Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева – это новый импульс в развитии нашей страны, возможность переосмыслить пройденный путь и поставить задачи на будущее. По большому счету, это время для перезагрузки и обновления. В нынешнем обращении к своим соотечественникам Глава государства остановился на важных приоритетных направлениях. Но, и в самом начале, и в конце своего выступления …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы ел дамуының жаңа белесін айқындап берген маңызды құжат болды. Мемлекет басшысы өз сөзінде осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылап қана қоймай, келешкет шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер мен нақты міндеттерді де айқындады. Көп жыл бойы білім саласында еңбек еткен ұстаз ретінде Президентіміздің әр Жолдауында оқу-ағарту ісіне, өскелең ұрпақтың болашағына …
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы өзі айтқандай, расымен, мәні де, мазмұны да, айрықша болды. Әр салаға қатысты реформалардың тиімділігін айтып, алда атқарылатын ауқымды жұмыстардың барысына тоқталды. Осы бағытта Үкіметке тиісті тапсырма жүктеп, Құрылтай депутаттарына ұтымды ұсыныстарын білдірді. Мемлекет басшысының Жолдауында түрлі өзекті тақырып қамтылды. Соның ішінде ел дамуы жолында атқарылатын шаруалардың реті …
Алматы облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Қаскелең шекара бөлімшесі өзіне бекітілген аумақты қырағылықпен күзетіп отыр. Бұл – жай ғана қызмет емес, Отан алдындағы адал антқа берік болудың айқын көрінісі. Шекара сақшылары тәулік бойы тыным таппайды. Туристік маусым қызған шақта олардың жауапкершілігі тіпті арта түседі. Келген қонақтардың тәртібін …
Қаскелең мәдениет колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Алматы облысы Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ маманы Балтабек Әділет Нұрланұлы қатысып, жастармен діни сауаттылық, рухани құндылықтар және теріс діни ағымдардың алдын алу мәселелерін талқылады.










