Қарасай ауданында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысты.
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заңдылықты нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті. Президент тәртіп пен заңды құрметтеу елдің тұрақты дамуының маңызды шарттары екенін айтты.
Бұл міндеттер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күнделікті жүзеге асыратын полиция қызметкерлері үшін айрықша маңызға ие. Сонымен қатар «Заң мен Тәртіп» қағидаттары мен «Адал азамат» қоғамдық этикасының маңыздылығы атап өтілді.

