Алматы облысында «SAQTAN» жобасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарасай ауданында кезекті түнгі профилактикалық рейд өткізілді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмаған баланың жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бала табылып, ата-анасына табысталды.
Сонымен қатар, түнгі уақытта көшеде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Адамдар көп шоғырланатын орындарда жастар мен жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қарасай ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен қатар, қоғам белсенділері мен спорт саласының өкілдері де белсенді қатысты.

