Иә, мынау бір қонақ болып қана келер жарық дүниеде туған жеріңе, өскен ортаңа жетер, тең келер ештеңе жоқ! Саф ауасымен демалып, мөлдір бұлағынан дәм татып, жасыл құрағына аунап өскен қастерлі топырақ қашан да жанарыңда, үліпіл қаққан жүрегіңнің төрінде мөлдіреп қана тұрады. Оған бар жаныңмен елжіреп қана көзіңді алмай қарай бергің келеді, қарай бергің келеді. Біздің …
Асқар тау әкелер Әке сен, жансың биік, дана тұлғаң. Мейірім,нұры менен жаратылған, Бар әлемнің, жақсылығын бойға жыйған, Менің әкем, мен үшін, дара туған. Әке сенің жүзіңнен қуат алам. Жанарыңның жылуы шуақтанған, Өзің барда,, ғажайып көрінеді, Шынайы боп, көзіме мына ғалам, – деп ақын жырлағандай, мынау бір қонақ өткінші өмірде әкелердің орны бөлек. Заманның тыныштығын, ұрпағының …
Алаш арыстарының идеяларын мектеп форматына трансформациялау мақсатында Қаскелең қаласындағы В.Белинский атындағы орта мектепте «Жаңа қазақ зиялылары: ар-намыс, ұлттық мүдде, талап, еңбек, терең ой» атты облыстық форум өтті. Тың идеялар ортаға салынған бұл бастама аудандық білім бөлімі мен «Ұлттық құндылықтар академиясының» арасында жасалған меморандумның іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асты. Аталған білім ошағы ұжымының ұтымды ұйымдастырған шарасына …
Облыстық ардагерлер кеңесі аймағымыздағы ұлттық мүддені қалыптастыру мен саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуде зор үлес қосуда. Аймақта ардагерлер ұйымының беделін көтеруде қазыналы қариялардың белсенділігінің алатын орны ерекше екені белгілі. Осыдан бір апта бұрын Алматы облыстық және Қарасай аудандық ардагерлер кеңестерінің ұйымдастыруымен «Атадан қалған асыл …
Осыдан 33 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап бүкіл әлем баға жетпес мәдени мұрасы, бай дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы кең және болашағы жарқын жас республика туралы білді. Отыз жылдан астам уақыт ішінде еліміз өз дамуында бұрын-соңды болмаған биіктерге жетіп, …
Ұлттың бірлігін бекемдейтін, ырысты ынтымағын жарастыратын елдіктің мейрамы болып саналатын бүгінгі Республика күнінің маңызы қашанда айрықша. Айтулы күн ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтыр ұлттық мерекелердің қатарына қосылған еді. 13 жылдан кейін мемлекеттің мерейін үстем етіп, қайта тойланып жатқан республика күнінің астарында үлкен мән-мағына, таңбаланған тарих жатыр. Дерекке сүйенсек, 1990 жылы 25 қазан күні …
Биыл еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні екінші рет аталып өтеді. 13 жыл ортаға салып қайта оралған бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан, Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталғандығын айқындайтын дәлел. Күні кеше бас қалада өткен ҚР Президенті …
Жүйрік ат, қыран құс ежелден ердің серігі. Біздің туған Тәуелсіз Отанымыздың көк байрағындағы қыран құстың келбеті – азаттығымыздың айбыны ретінде бейнеленген. Бұл ұлттық құндылығымыздың жарқын да жайдары көрінісі. Бүркіт – қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Ол біздің қоршаған ортамыздағы ең ірі қыран саналады. Бүркіттің сиреп бара жатқаны көңілімізге қаяу түсіргендей болады. Дегенмен, құстың патшасы, көк …
Құсбегілік, атбегілік ұлтымыздың ежелден жалғасып келе жатқан құндылықтары болып табылады. Қиын-қыстау замандарда дәл осы құсбегілік, саятшылық өнерімен жанын баққандар, тіпті бір ауылды асыраған жандар аз емес. Қанымызда бар осы дүниелердің алтын арқау жібек жолын үзбей бүгінгі күнге жалғасып келе жатқаны жұбаныш. Кеген ауданында, «Құлаған жар» тауының баурайында Қазақстандағы алғашқы бүркітші «Жалайыр Шора» мектебінің 35 жылдығына …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Президент қазақ тілін одан әрі дамыту тақырыбы әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін айтты. Ең алдымен, қазақ тілінің қолданыс аясын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға басымдық беру жөн деді. Бұдан бөлек, …