Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс халқын Астана күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Қадірлі жерлестер!
Еліміздің бас қаласы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елордамыз – мемлекетіміздің қуаттылығы мен жасампаздығының, бірлігі мен тұрақтылығының айқын символы. Астананың қалыптасуы мен даму тарихы әрбір қазақстандықтың еңбегімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл мереке — бүкіл халқымыздың ортақ мақтанышы.
Осынау айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құтты береке, бақ-дәулет тілеймін. Бейбіт күндегі еңбектеріңіз жемісті, бастамаларыңыз табысты болсын, – деді облыс басшысы.

