Республика күніне орай Көксай ауылының тұрғындары, Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің ұстаздары және Іргелі ауылдық округінің жастары туған өлкені абаттандыруға өз үлестерін қосты. Бірлескен жұмыс барысында мектеп аумағы тазартылып, жас ұстаздар 10 ағаш көшетін отырғызды. Округіміздің тазалығы мен көркеюі әрқайсымыздан басталады. Туған жерімізді бірге аялап, таза әрі жасыл мекенге айналдырайық.
Бүгін Қарасай ауданы әкімінің қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен Жасыл Аймақ тақырыбында Жастар аллеясында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастама ауданның жасыл желегін көбейтуге, қоршаған ортаны қорғауға және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Жастардың табиғатты қорғауға қосқан үлесі – жарқын болашаққа жасалған қадам!
Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында әкімшілік ғимаратының аумағы абаттандырылып, айналадағы қоқыстар жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының қатысуымен Әйтей ауылдық округі, Өмірзақ ықшам ауданының саябағында аудандық сенбілік өтті. Сенбілікке Әйтей ауылдық округінің әкімі Қатубаев Жарқын Қанатұлы, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Өмірзақ орта мектебінің ұжымы да тазалық шарасына атсалысып, саябақ аумағын тазалауға өз үлесін қосты. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ …
В преддверии Дня Республики Казахстан в рамках республиканского марафона «Читающая нация» стартует акция «Саған кітап арнадым» («Книга для тебя»), направленная на популяризацию чтения, развитие культуры дарения книг и укрепление интереса к литературе среди жителей страны. День Республики — особая дата, символизирующая становление казахстанской государственности, национальное единство и ответственность за будущее страны. Это также повод обратиться …
Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап сыйлау мәдениетін дамытуға және ел тұрғындарының әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Саған кітап арнадым» акциясы басталады. Республика күні — Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуын, ұлттық бірлікті және ел болашағы алдындағы жауапкершілікті айшықтайтын ерекше мереке. Бұл — түрлі буын өкілдерін байланыстыратын, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беретін құндылықтарға назар аударуға мүмкіндік. …
Мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Қарасай аудандық Мәдениет үйінде ерекше балаларға арналған «Жүректен жүрекке» атты дәстүрлі мерекелік фестиваль өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғам өміріне белсене араласуына және бойындағы дарынын танытуына мүмкіндік беру. Мерекелік шараға 50-ге жуық ерекше …
Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жасыл Ел еңбек жасақшыларымен бірлесе «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Жасыл Аймақ атты тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌿 Іс-шара барысында Қаскелең қаласының тұрғындар мен белсенді жастар бірлесе отырып, қала аумағындағы орталық көшелерінде қоқыстан тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқарды. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, туған өлкенің тазалығын сақтау және тұрғындар …
Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақ аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, сенбілікке белсене атсалысқан барша тұрғындарға, мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, публицист, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай орталығымызда «Өрнекті өлең, өр рух – Қасым жыры» атты танымдық сабақ өтті. Шараға Қарасай батыр атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінде алатын орны туралы мағлұмат алды. Танымдық сабақ барысында оқушылар ақынның өнегелі өмір жолымен танысып, рухты …









