Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастарына New York Film Academy (NYFA) оқу орнына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында жастар кино және медиа саласындағы білім беру мүмкіндіктерімен танысып, шығармашылық мамандықтар туралы ақпарат алды. Іс-шара жастардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталды. Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу – болашаққа жасалған маңызды қадам!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарасай ауданы мен Қаскелең қаласы әкімдіктерімен және SDU UNIVERSITY Студенттік Омбудсмені және университет белсенділерімен бірге бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргіздік. Тазалық — туған жерге деген құрметтің көрінісі. Әрқайсымыз өз ортамыздың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, еліміздің көркеюіне үлес қосамыз. Алайда тазалық дегеніміз — тек көшелерді қоқыстан тазарту ғана емес. Ол — адамның ішкі мәдениеті, …
«Əділет» партиясының жастар қанаты ауқымды «Таза Qazaqstan» Roadэстафетасын бастады. Оның аясында 5 мыңға жуық жас азамат 13-16 қазан аралығында «Астана – Өскемен» бағытындағы автожол бойында жалпы ұзындығы 1800 шақырымға жуық аумақты қоқыстан тазалайды. Іргелі іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қолға алынуда. Бұл – аса маңызды …
Ауылымыздың көркіне көрік қосу және қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында Шамалған ауылдық округінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға белсене қатысып, ауыл тазалығына өз үлесін қосқан барша тұрғындар мен жастарға алғыс білдіреміз!
Қоршаған ортаны қорғау мен туған өлкемізді көркейту — бәрімізге ортақ міндет. Бүгін ауданымыздың белсенді тұрғындары мен жастары тазалық акциясына біркісідей қатысып, айналаны ретке келтіруге өз үлестерін қосты.
Елімізде кеңінен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жібек жолы ауылдық округінде санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұл бастама — жай ғана біркүндік акция емес, бұл — туған өлкемізге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің көрінісі. Шара аясында ауыл ішіндегі орталық көшелер, саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындар және арық …
Іргелі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақтарды абаттандыру және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Таза орта — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Туған өлкеміздің тазалығы мен көрікті болуы өз қолымызда. Әрбір тазаланған аула, отырғызылған ағаш пен жиналған қоқыс — таза әрі жайлы болашаққа жасалған маңызды қадам. Барша тұрғындарды туған ауылымызды көркейтуге бірге атсалысуға шақырамыз! Тазалықты өз …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында Көңілді тапқырлар ойынының аудандық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті. Ойынның редакторлық құрамында 2024 жылғы Жайдарман TOP чемпиондары – «Шапалақ» командасы болды. Ал қазылар алқасының құрамында Жайдарман TOP ойыншылары – «Проект SU» командасының мүшелері болды. Ауданның үздік командалары бас қосып, өздерінің әзілдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Жүлде қоры …
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округімізде жалпыұлттық акцияға орай сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аумақты тазарту, қоршаған ортаны абаттандыру және тазалықты сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы — баршамызға ортақ міндет! Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және келер ұрпаққа көркейген өлке қалдыру — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз
Іргелі ауылдық округінің аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру жағдайын тексеру мақсатында әкімдік қызметкерлерінің кезекті аралауы жүргізілді. Тексеру барысында тұрғындар мен нысан иелеріне ескерту хабарламалары беріліп, бұрын ескертілген азаматтарға талаптар қайта түсіндірілді. Абаттандыру қағидаларын сақтау — әр тұрғынның ортақ міндеті. Әкімдік тарапынан басты мақсат — айыппұл салу емес, округте тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Тазалық әрқайсымыздан …










