«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «SAQTAN-2026» жобасы шеңберінде Қарасай ауданы колледждерінің студенттері арасында спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Жарыс барысында жігіттер мини-футболдан, ал қыздар волейболдан бақ сынап, өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық рухтарын көрсетті. Тартысты ойындар қатысушылардың белсенділігін арттырып, өзара қолдау …
Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында саябақ аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, сенбілікке белсене атсалысқан барша тұрғындарға, мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Осыдан тура бір жыл бұрын тұсауы кесілген «Qonaev Media» Алматы облыстық телеарнасының Алматы қаласындағы филиалының табалдырығынан аттадық. Елімізге танымал журналист Қымбат Досжанның «Елге қызмет» атты авторлық бағдарламасының қонағы болу үшін. Өйткені, қонағы осы жолдардың авторы емес, біз бар болғаны ұйымдастырушымыз, журналистпен ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов сұхбат құрды. Атының өзі айтып тұрғандай, …
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, публицист, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай орталығымызда «Өрнекті өлең, өр рух – Қасым жыры» атты танымдық сабақ өтті. Шараға Қарасай батыр атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінде алатын орны туралы мағлұмат алды. Танымдық сабақ барысында оқушылар ақынның өнегелі өмір жолымен танысып, рухты …
Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері SDU университетінің студенттері арасында ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттерге полиция қызметіне орналасу талаптары, үміткерлерге қойылатын шарттар және құқық қорғау органдарында қызмет атқару мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастарына New York Film Academy (NYFA) оқу орнына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында жастар кино және медиа саласындағы білім беру мүмкіндіктерімен танысып, шығармашылық мамандықтар туралы ақпарат алды. Іс-шара жастардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталды. Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу – болашаққа жасалған маңызды қадам!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарасай ауданы мен Қаскелең қаласы әкімдіктерімен және SDU UNIVERSITY Студенттік Омбудсмені және университет белсенділерімен бірге бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргіздік. Тазалық — туған жерге деген құрметтің көрінісі. Әрқайсымыз өз ортамыздың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, еліміздің көркеюіне үлес қосамыз. Алайда тазалық дегеніміз — тек көшелерді қоқыстан тазарту ғана емес. Ол — адамның ішкі мәдениеті, …
«Əділет» партиясының жастар қанаты ауқымды «Таза Qazaqstan» Roadэстафетасын бастады. Оның аясында 5 мыңға жуық жас азамат 13-16 қазан аралығында «Астана – Өскемен» бағытындағы автожол бойында жалпы ұзындығы 1800 шақырымға жуық аумақты қоқыстан тазалайды. Іргелі іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қолға алынуда. Бұл – аса маңызды …
Ауылымыздың көркіне көрік қосу және қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында Шамалған ауылдық округінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға белсене қатысып, ауыл тазалығына өз үлесін қосқан барша тұрғындар мен жастарға алғыс білдіреміз!










