28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік саясатты жетілдіру бағытындағы бірқатар маңызды міндет айқындалды. Әсіресе, Президент азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесіне тоқталып, мемлекеттік көмектің нақты мұқтаж жандарға бағытталуы қажеттігін атап өтті. «Мемлекеттік көмек шын …
Сегодня в Доме культуры города Каскелена состоялась встреча, посвящённая разъяснению Послания Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 28 октября на тему «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе». В мероприятии приняли участие специально приглашённые спикеры: вице-министр энергетики Республики Казахстан Кайырхан Серикулы Туткышбаев, депутат Курултая Республики Казахстан I созыва от партии «Әділет», член Комитета …
Бүгін Қаскелең қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Арман Серікұлы Жансенгіров және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларының бірі – Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын талқылауға арналған әдеби кеш өтті. Кеш барысында қатысушылар шығарма желісін талқылап, кітаптағы ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары мен адамгершілік қасиеттері туралы ой бөлісті. Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Оқырман ұрпақ – ұлт болашағы!
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында құқықтық түсіндіру және профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің ҚПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ж.А. Косимбетов және жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А. Берікқажы қатысты. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, буллинг пен бопсалаудың алдын алу, қоғамдық тәртіпті …
31 қазан – Ұлттық алкогольден бас тарту күні қарсаңында С.Жандосов атындағы кәсіптік – техникалық колледжінің 50 студентінің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараға Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызы, ювеналдық полиция басқармасының полиция лейтенанты Ержан Азирбаев және клиникалық көп бейінді ауруханасының нарколог дәрігері Ақмарал Жалғасқызы қатысты. Кездесу барысында алкогольдің адам денсаулығы мен психологиялық …
Иордания мемлекетінің Амман қаласында 31 қазан-3 қараша күндері аралығында дзюдоданөтіп жатқан Ашық Азия кубогінде 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қарасайлық спортшы Ислам Бекболатқарсыластарынан басым түсіп жарыс жеңімпазы атанды. Жарыс барысында жерлесіміз Иордания, Өзбекстан, Тунис және Кипр мемлекеттерінің спортшыларымен 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Іргелі ауылдық округінде жалпыхалықтық сенбілік өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Туған жерімізді таза ұстауға бірге үлес қосайық!
Қарасай ауданында аудан әкімінің орынбасары Азамат Серікұлының қатысуымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында жобаны жүзеге асыру барысы талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, жобаны тиімді іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу міндеттелді. Басты мақсат – аудан тұрғындары арасында кітап оқу мәдениетін …









