31 қазан – Ұлттық алкогольден бас тарту күні қарсаңында С.Жандосов атындағы кәсіптік – техникалық колледжінің 50 студентінің қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақнұр Ақылбекқызы, ювеналдық полиция басқармасының полиция лейтенанты Ержан Азирбаев және клиникалық көп бейінді ауруханасының нарколог дәрігері Ақмарал Жалғасқызы қатысты.
Кездесу барысында алкогольдің адам денсаулығы мен психологиялық жағдайына зияны түсіндіріліп, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері талқыланды.
Мақсат – жастарды саналы таңдау жасауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

