Иордания мемлекетінің Амман қаласында 31 қазан-3 қараша күндері аралығында дзюдоданөтіп жатқан Ашық Азия кубогінде 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қарасайлық спортшы Ислам Бекболатқарсыластарынан басым түсіп жарыс жеңімпазы атанды.
Жарыс барысында жерлесіміз Иордания, Өзбекстан, Тунис және Кипр мемлекеттерінің спортшыларымен 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

