Бүгін Қаскелең қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Арман Серікұлы Жансенгіров және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Жұмабайұлы Орынбасаров қатысты. Сонымен қатар ауданның білім саласының өкілдері мен жастар қатысты.
Кездесуде Президент Жолдауында білім беру саласына қатысты көтерілген маңызды міндеттер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау, білім беру инфрақұрылымын жетілдіру және мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайту мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу», – деп атап өтіп, педагогтердің негізгі жұмысына кедергі келтіретін артық есептілік пен қағазбастылықты жою қажеттігін тапсырды.
Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту, маман тапшылығын азайту және балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмыстарының маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, арнайы келген қонақтармен ашық пікір алмасты.
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Home » Жаңалықтар » "Аманат" партиясы » ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

