ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің қолдауымен «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубтарының қатары жыл санап артып келеді. Соның нақты дәлелі – осы аптада Елтай ауылындағы жайлы мектепте тұсауы кесілген әскери сынып. Бұл күні алғаш болып жаңа ашылған клубтың 20 мүшесі ант қабылдады. Айта кетейік, аталған әскери-патриоттық клуб өз жұмысын өткен жылдың желтоқсан айында бастаған. Қарасай …
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жасыл ел” еңбек жасақшылары “ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ” атты «Таза Қазақстан бағдарламасы аясында Абылай хан көшесіндегі тарихи ескерткіштердің маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді. 🌿 Тарихи мұраға құрмет көрсету — өткенге тағзым, келешекке аманат.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Қаскелең қаласы, Жастар алеясына тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар шашылған қоқыстарды жинап, аумақты арам шөптерден тазартты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Аталған жұмыстар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға және …
Қарасай ауданының ювеналды полиция басқармасының ұйымдастыруымен және Жастар орталығының қатысуымен Жедел профилактикалық түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағындағы компьютерлік клубтарға, ойын сауық кешендеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің немесе ата-аналарының қарауынсыз жүру жағдайлары бақылауға алынды. Рейд нәтижесінде сағат 22:00-ден кейін ата-анасының …
Отбасы – тек бір шаңырақтың астында өмір сүру емес. Отбасы – өзара сыйластық, қамқорлық, ізгілік және үлкеннен кішіге берілетін құндылықтардан басталады. Қарасай ауданының «Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» » КММ-де қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен отбасылық тәрбиесін дәріптеуге арналған «Салтпен сырласқан сырлы ғұмыр» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында халқымыздың дәстүрлі «Беташар» рәсімі көрсетіліп, оның тәрбиелік …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан – таза болашақ» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен бірлесе отырып, Қаскелең қаласының саябақ аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар саябақ аумақтарын қоқыстан тазартып, абаттандыру және көркейту жұмыстарына белсенді атсалысты. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттай отырып, жастарды табиғатты аялауға және …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Қаскелең қаласы, Аскаров көшесі бойындағы арықтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Іс-шара барысында жастар арық бойындағы шашылған қоқыстарды жинап, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Аталған жұмыстар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға …
Алматы облысында волонтерлік қызметті дамыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстық волонтерлердің фронт-офисінде 4 мыңнан астам тұрақты волонтер тіркелген. «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айбек Досымбетовтің айтуынша, жыл басынан бері 300-ден астам қайырымдылық және әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, 5 мыңнан астам адам қамтылған. «Ардагерлерді ардақтайық акциясы аясында 78 іс-шараға 500-ге …
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай, Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Қарасай аудандық полиция басқармасы және Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, «Oilan, Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы антиграффити акциясы өтті. Шараның басты мақсаты – қоғамымызды есірткі насихатынан қорғау және жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу. Көшелер мен қоғамдық орындардағы есірткіге қатысты заңсыз жазулар …
Қарасай ауданында жас педагогтердің бас қосып, олардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталған «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB-ы ашылды. Аталған бастама аудандық білім бөлімі мен Алматы облысының Жастар ресурстық орталығымен бірлескен жоба ретінде жүзеге асырылды. Әлемнің жаңашылдықтарына сай еліміздің білім беру жүйесінде де көптеген өзгерістер орын алуда. Қазіргі білім жүйесі жаттанды ақпаратты жаттауға емес, оқушының өмірде қажет …










