Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Қаскелең қаласы, Аскаров көшесі бойындағы арықтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿
Іс-шара барысында жастар арық бойындағы шашылған қоқыстарды жинап, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Аталған жұмыстар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға және туған өлкені таза ұстауға бағытталды.
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген қамқорлық – әр азаматтың парызы

