Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде жаңа оқу жылының басынан бастап жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлескен жүйелі профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Аталған жұмыстар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Атап айтқанда, буллингтің, күш көрсету мен қорқытудың, бопсалаудың және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, танымдық бейнероликтер көрсетіліп, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізілуде.
Студенттердің өздері дайындаған бейнероликтер жасөспірімдерді бір-бірінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, жауапты шешім қабылдауға және болашақта құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін әрекеттерден аулақ болуға үндейді.
Колледж ұжымы әрбір білім алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ерекше мән береді.

