Қарасай ауданының ювеналды полиция басқармасының ұйымдастыруымен және Жастар орталығының қатысуымен Жедел профилактикалық түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағындағы компьютерлік клубтарға, ойын сауық кешендеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің немесе ата-аналарының қарауынсыз жүру жағдайлары бақылауға алынды.
Рейд нәтижесінде сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес ескерту жасалып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
Профилактикалық рейдтің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру.

