Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан – таза болашақ» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен бірлесе отырып, Қаскелең қаласының саябақ аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿
Іс-шара барысында жастар саябақ аумақтарын қоқыстан тазартып, абаттандыру және көркейту жұмыстарына белсенді атсалысты. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттай отырып, жастарды табиғатты аялауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға шақырды. 🌱
Тазалық – жай ғана тәртіп емес, ол таза әрі жарқын болашаққа жасалған қадам!

