26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай, Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Қарасай аудандық полиция басқармасы және Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, «Oilan, Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы антиграффити акциясы өтті. Шараның басты мақсаты – қоғамымызды есірткі насихатынан қорғау және жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу.
Көшелер мен қоғамдық орындардағы есірткіге қатысты заңсыз жазулар мен жарнамаларды жою – бұл тек тазалық сақтау ғана емес, болашағымызды қорғауға қосылған маңызды үлес. Әрбір өшірілген жазу – бір жастың зиянды әдеттен аулақ болуына жасалған қадам. Бірге әрекет ете отырып, қауіпсіз әрі таза қоғам қалыптастыра аламыз!
Ақнұр МАНАМБАЕВА,
Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы.

