«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «SAQTAN-2026» жобасы шеңберінде Қарасай ауданы колледждерінің студенттері арасында спорттық спартакиада ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Жарыс барысында жігіттер мини-футболдан, ал қыздар волейболдан бақ сынап, өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық рухтарын көрсетті. Тартысты ойындар қатысушылардың белсенділігін арттырып, өзара қолдау мен ұйымшылдықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Спартакиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйланды.

