Отбасы – тек бір шаңырақтың астында өмір сүру емес. Отбасы – өзара сыйластық, қамқорлық, ізгілік және үлкеннен кішіге берілетін құндылықтардан басталады.
Қарасай ауданының «Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» » КММ-де қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен отбасылық тәрбиесін дәріптеуге арналған «Салтпен сырласқан сырлы ғұмыр» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында халқымыздың дәстүрлі «Беташар» рәсімі көрсетіліп, оның тәрбиелік мәні кеңінен ашылды.
🌿 Үлкенді құрметтеу;
🌿 Кішіге ізет көрсету;
🌿 Отбасындағы татулық пен бірлікті сақтау;
🌿 Өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру;
🌿 Атадан балаға жалғасқан дәстүрді дәріптеу – шараның негізгі құндылықтары болды.
Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – үлкендердің жас келінге берген ақ батасы болды. Ақ тілек пен бата – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасының маңызды бөлігі.
Іс-шараға «Ардагерлер», «Асыл аналар», «Аталар» ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ «Асыл қазына» ансамблі қатысты.
Халқымыздың «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген тағылымды қағидасы бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

