Күн тәртібінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, құқықбұзушылыққа бейім азаматтармен жұмыс, жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру, жол қауіпсіздігі және қоғамдық көлік мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігін күшейту, заңсыз алкоголь саудасының жолын кесу және қауіпті учаскелерге бейнебақылау орнату бойынша ұсыныстар қарастырылды.

