Бүгін Қарасай аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен және колледж педагогтарымен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кезекті рейдтік іс-шара жүргізілді. Көп жағдайда баланың оқуға деген қызығушылығының төмендеуі отбасы ішіндегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелермен, ата-аналық бақылаудың жеткіліксіздігімен немесе психологиялық қиындықтармен байланысты болып жатады. Осыған байланысты біздің негізгі мақсатымыз – мәселенің түпкі себебін анықтап, ата-аналармен …
Құқықтық мемлекет пен саналы қоғам қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалында «Заң және тәртіп – әділетті қоғамның қос қанаты.» атты өзекті тақырыпта ауқымды дөңгелек үстел өтті. Шараның негізгі міндеті – «Заң мен тәртіп» ұғымдарының егіз екенін ұғындыру, қатысушылардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтың …
Қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық мәдениет және заң үстемдігі – аудан дамуының басты бағыттарының бірі Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінде бұл бағыттағы шаралар тек бақылау жұмыстарымен шектелмей, қоғаммен бірлескен жүйелі әрекетке негізделіп отыр. Құқық қорғау органдары, …
Центр поддержки семьи Карасайского района проводит большую комплексную межведомственную работу в сфере профилактики семейно-бытового насилия, а также в целях реализации государственной политики по защите семьи, материнства и детства. Основными направлениями деятельности Центра являются: выявление фактов семейно-бытового насилия; оказание психологической, юридической и социальной помощи семьям, находящимся в трудных жизненных ситуациях; проведение профилактической и разъяснительной работы; межведомственное …
Жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Іле ауданы аумағындағы су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №8 және №9 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияның қызметкерлері қатысты. Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауға алынып, рұқсат етілмеген орындарда …
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп директорының бастамасымен түнгі рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында мектеп әкімшілігі балалар көп шоғырланатын орындарды аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізді. Сондай-ақ кафе, мейрамхана және ойын-сауық орындары тексеріліп, онда мектеп оқушыларының болмағаны …
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі ең алдымен оның құқықтық негіздерінің беріктігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасы еліміздің болашақ дамуына бағыт-бағдар беретін маңызды құжат ретінде ерекшеленеді. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен қатар, мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтары да айқын көрініс тапқан. Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтарының …
Қаскелең қаласындағы Алтын Ауыл шағынауданында Қарасай аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Дінмұхамбет Лашынбайұлының тұрғындармен кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті үш мәселе кеңінен талқыланды Алғашқы тақырып – кибералаяқтықтың алдын алу. Полиция өкілдері тұрғындарға интернет алаяқтарының жиі …
1948 жылғы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық жүйесінің негізін қалады. Бұл құжат адамның қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды өркениетті қоғамның басты құндылығы ретінде таныды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген қағидаттар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде де кеңінен көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына …
Алатау қаласында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкогольдік тәуелділіктің алдын алу және отбасы құндылықтарын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Арақсыз ауыл» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесулер мен түсіндіру іс-шаралары болды. Аталған шараларға қоғам белсенділері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысып, маскүнемдіктің қоғамға тигізетін зардаптары …









