«Заң мен тәртіп» қағидасы Қарасай жерінде қатаң бақылауда. Осы мақсатта бүгін ауданға қарасты Жамбыл ауылдық округінде заңсыз саудаға рейд жүргізілді. Енді қоқыс тастап, заңсыз сауда жасағандарға әкімдік қызметкерлері полициясыз-ақ айыппұл салады. Олар арнайы планшет арқылы тәртіп бұзушыларды бірден базаға тіркейді. Бүгінде Қарасай ауданындағы барлық ауылдық округ мамандары осындай құрылғылармен қамтылған. Рейд кезінде ереже бұзушыларға алдымен ескерту беріліп, қателік қайталанған жағдайда заң бойынша айыппұл арқалайды.
Толығырақ бейнематериалда.

