Ипподром Gúlnar Baq, расположенный на территории Райымбекского сельского округа Карасайского района, стал местом проведения удивительного события – третьего международного фестиваля Qazaqstan International Balloon Festival. В его рамках в небо поднялись 29 ярких аэростатов, представлявших семь стран. Вместе с тем этот необычный двухдневный фестиваль собрал 30 тысяч гостей, в том числе туристов из Казахстана, Киргизии и …
Қаскелеңдіктер талайдан бері саябақтың мәселесін көтеріп, серуендеуге лайықты орынның қажет екенін айтудан жалықпаған еді. Ақыры ел тілегі ескеріліп, осыдан екі ай бұрын Қаскелең өзенінің бойы қайта ретке келетініне көз жеткізген едік. Бұл жағымды жаңалыққа қала тұрғындары қуанғаны анық. Ал аталған жобаны жүзеге асыру үшін аудандық әкімдік тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Жақында саябақтың қазіргі құрылысынан хабардар …
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашыл болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Көксай ауылындағы «Aqyldy Bala» мектеп-лицейінде «Recycle Art» шығармашылық жобасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және қайта өңдеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. «Recycle Art» – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын экология …
Бүгін Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, аудан тұрғындары тазалық пен қоршаған ортаны қорғау жолында бір мақсатқа жұмылды. Таңғы уақыттан басталған игі шараға белсенді тұрғындар, еріктілер, жастар, кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, аудан аумағын тазарту жұмыстарына белсене атсалысты. Жалпы акцияға 2 987 адам қатысып, 13 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. …
Қарасай ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза өлке – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында Қаскелең өзенінің аумағында кезекті экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараға аудан тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қоғамда тазалық мәдениетін …
Алматы облысында үш күнге созылған «Тазалық күндері» акциясына 39 мыңға жуық өңір тұрғыны қатысып, туристік бағыттардағы демалыс орындарынан 760 тоннадан астам қоқыс жинады. Бүгін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қаскелең шатқалында өткен сенбілік барысында үш күн бойы тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Қорытынды шарада акцияға ерекше үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар түрлі номинациялар бойынша …
Қарасай ауданында Қаскелең шатқалында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тазалық күні» акциясы өтуде. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, зиялы қауым өкілдері, еріктілер мен аудан тұрғындары қатысуда. Акция барысында шатқал аумағын тазарту, қоқыс жинау және табиғи ортаны сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 500 түп ағаш отырғызылып, шараға 500 …
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде сенбілік жұмыстары өткізілді. Іс-шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс жинау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында айналаны көркейтуге ерекше көңіл бөлініп, ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары да атқарылды. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды тазалықты сақтауға үндейді.
Бүгін Іле ауданында республикалық абаттандыру бағдарламасы аясында «Таза өлке – таза жер» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Шараның негізгі нысандарының бірі «Үш ұрпақ» ескерткішінің аумағы болды. Мұнда зиялы қауым өкілдерімен бірге Іле ауданының мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер бірлесе еңбек етті. Акция өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Сұхбат барысында қатысушылар «Үш ұрпақ» монументінің …
23 наурыз – Тазару күніне орай Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінде тұрғындардың қатысуымен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шараға тұрғындар белсенді түрде қатысты. Оның ішінде қарттар мен бүлдіршіндер де белсенділік танытып, экологиялық акция үлес қосты. Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Шара соңында тұрғындар, ұйымдастырушылар Қаскелең …










