Қарасай ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза өлке – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында Қаскелең өзенінің аумағында кезекті экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараға аудан тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар белсене қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қоғамда тазалық мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы тұрғындарды табиғатты таза ұстауға үндеу көзделді.
Сенбілік барысында Қаскелең өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қураған шөптер мен бейберекет тасталған қоқыстар жиналды. Қатысушылар аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Шара аясында тұрғындарға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары да ұйымдастырылды. Бұл бастама экологиялық сананы арттырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.
Экологиялық сенбілікке Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев, аудандағы діни бірлестіктердің өкілдері, еріктілер, белсенді жастар мен жергілікті тұрғындар қатысып, бірлескен еңбек арқылы туған жердің тазалығына үлес қосты. Жалпы шараға 100-ден астам адам қатысып, ортақ мақсат жолында ауызбіршілік танытты.
Осындай экологиялық іс-шаралар туған жердің көркеюіне, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Әділ Амантай, Қарасай ауданы бойынша дінтанушы маман

