Бүгін Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, аудан тұрғындары тазалық пен қоршаған ортаны қорғау жолында бір мақсатқа жұмылды.
Таңғы уақыттан басталған игі шараға белсенді тұрғындар, еріктілер, жастар, кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, аудан аумағын тазарту жұмыстарына белсене атсалысты.
Жалпы акцияға 2 987 адам қатысып, 13 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде аудан бойынша 39 гектар аумақ тазартылып, 61 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
Бұл — тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлкен үлес қосады.
Табиғатқа қамқорлық жасау — әрбір азаматтың ортақ міндеті.

