Қарасай ауданында Қаскелең шатқалында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тазалық күні» акциясы өтуде.
Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, зиялы қауым өкілдері, еріктілер мен аудан тұрғындары қатысуда.
Акция барысында шатқал аумағын тазарту, қоқыс жинау және табиғи ортаны сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 500 түп ағаш отырғызылып, шараға 500 адам қатысты.
Бұл бастама өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

