Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде сенбілік жұмыстары өткізілді. Іс-шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, қоқыс жинау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында айналаны көркейтуге ерекше көңіл бөлініп, ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары да атқарылды. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды тазалықты сақтауға үндейді.

