Құрылтай сайлауы – Тәуелсіз Қазақстанның дәуіріндегі саяси әрі елеулі оқиға. 23 тамызда өткен бұл науқанның ел тарихында айрықша таңбаланатыны анық. Бір палаталы Құрылтайды жасақтау үшін дәл осы күні күллі қазақстандық сайлаушылар өз таңдауларын жасады. Олар дауыс беріп қана қоймай, 145 мандатқа таласқан партиялардың саяси сахнадағы тағдырын таразыға салды.
Айтпақшы, осы жолғы саяси додаға ресми тіркелген 7 партия бақтарын сынады. Олар – «Әділет», «Жалпыұлттық социал демократиялық партия «ЖСДП)», «Байтақ», «Ауыл», Ақ жол», «Қазақстан Халық партия» және «Respublica». Аталған саяси ұйымдардың дауыс жинау көрсеткіші 5% пайыздан жоғары межеден асса, онда Құрылтай мандатына ие болу мүмкіндігі бекітілген.
Құрылтай сайлауынан Қарасай жұртшылығы да қалыс қалмады. Сайлау учаскелері ашыла салып, дауыс берушілердің белсенділігі жақсы байқалды. Азаматтық позицияларын білдіріп, 18 жастан бастап қарияларға дейін таңдау жасады. Олардың арасында ерекше сәтпен есте қалғандар да болды. Мәселен, аудан тұрғындарының ішінде әулетімен дауыс берсе, енді бірі әуе шары арқылы сайлау учаскесіне келді.
Ал 25 тамыз күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттары сайлауына дауыс берудің алдын ала нәтижелерін, ал келесі күні қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан бойынша сайлауға 9 млн 351 мың адам, яғни сайлаушылардың 74,08 пайызы қатысқан.
Партиялық тізім бойынша дауыс беру нәтижесіне тоқталар болсақ, «Әділет» партиясына 6 528 948 адам (71,17 %), ЖСДП-на 469 058 адам (5,11 %), «Байтақ» партиясына 97 751 адам (1,07 %), ҚХП-ға 285 395 адам (3,11 %), «Ауыл» партиясына 574 621 адам (6,26 %), «Ақ жол» партиясына 478 083 адам (5,21 %), «Respublica» партиясына 509 631 адам (5,56 %) дауыс берді. Ал 230 446 адам (2,51 %) бәріне қарсы болған.
Осылайша, сайлау қорытындысына сәйкес, Құрылтай 5 саяси партияның өкілдерінен жасақталмақ. Оған қатысты ақпаратты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
– Сайлауда дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлуге 5 саяси партия жіберілді. Олар – «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» партиясы, «Respublica» партиясы. «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан халық партиясы бес пайыздық кедергіні еңсермеуіне байланысты мандаттарды бөлуге қатыспайды, – деді Н.Әбдіров.
Жалпы жиналған дауыстардың пайыздық көрсеткішіне байланысты «Әділет» партиясы – 110 мандатқа, ЖСДП-сы – 8 мандатқа, «Ауыл» партиясы – 10 мандатқа, «Ақ жол» партиясы – 8 мандатқа, «Respublica» партиясы – 9 мандатқа ие болды.
Осы ретте ескерілетін тағы бір жайт – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздық жиынтық квотаның сақталуы. Бұл конституциялық заң талаптарына сәйкесі белгіленген.
Дауыс беру нәтижесі нақтыланғаннан кейін партиялар бірден Құрылтайда депутаттық мандаттарға кімдер ие болатынын айқындауға көшті. Олардың тізімі кеше толық бекітілді.
Сонымен, жаңа бір палаталы Құрылтайда кімдер отырады? Қандай жаңа есімдерді біз көреміз? Оның жауабын партия тізімі бойынша төменде нақтылап көрсеттік.
«Әділет» партиясы:
1. Авершин Константин Викторович
2. Адаев Ербол Дәненұлы
3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
5. Аймағанова Айжан Талғатқызы
6. Алтай Абай
7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
11. Амантайұлы Жарқынбек
12. Әбдікешов Алмат
13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы
15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
17. Бәденова Әсел Жанболатқызы
18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
19. Басин Вадим Борисович
20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
21. Башымов Марат Советұлы
22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
23. Беркімбаев Берік Серікұлы
24. Больгерт Евгений Андреевич
25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы
27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы
28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
29. Бақытбекұлы Нұркен
30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
31. Годунова Наталья Николаевна
32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы
33. Данилов Александр Сергеевич
34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы
37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
38. Ералиев Бегалы Ералыұлы
39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы
41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы
42. Елеусізова Бота Серікқызы
43. Ералиев Мағжан Абзалұлы
44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
45. Жансеңгіров Арман Серікұлы
46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы
48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
50. Зәкиева Динара Болатқызы
51. Имашева Снежанна Валерьевна
52. Қарабасова Лаура Шапайқызы
53. Қаринова Шолпан Таңатқызы
54. Қайырова Әсел Әнуарқызы
55. Қожаниязов Серік Салауатұлы
56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
58. Қожаев Марат Шәдетханұлы
59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы
60. Кузиева Замира Закировна
61. Кучинская Юлия Владимировна
62. Қамзабекұлы Дихан
63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы
65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
66. Перепечина Ольга Валентиновна
67. Петров Константин Викторович
68. Пономарёв Сергей Михайлович
69. Пулатов Шерзод Аббозович
70. Рамазанова Наталья Сергеевна
71. Рожин Максим Николаевич
72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы
73. Савельева Татьяна Михайловна
74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы
75. Сарым Айдос Әміроллаұлы
76. Смышляева Екатерина Васильевна
77. Сүгірбай Аят Исатайұлы
78. Сулаймонова Русана Русланқызы
79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
80. Сағынов Замир Садықұлы
81. Себасов Марат Бақбергенұлы
82. Семидоцких Елена Александровна
83. Темірбаева Айжан Маратқызы
84. Тен Ирина Сергеевна
85. Тоқтамұрат Армангүл
86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы
89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
90. Теренченко Илья Сергеевич
91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
93. Шапақ Үнзила
94. Шаталов Никита Сергеевич
95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы
96. Щербаков Станислав Александрович
97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
98. Мұсылманбек Ерқанат
99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
100. Медеуова Дана Теміртайқызы
101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
107. Халықов Арман Қобыландыұлы
108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы
«Ауыл» партиясы:
1.Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
2.Байманов Шахмардан Асқарұлы
3.Бегалиева Захира Оңғарбайқызы
4.Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
5.Иргибаев Мұрат Саматұлы
6.Каджибекова Ажар Елемесқызы
7. Киян Владимир Сергеевич
8. Мұхаметов Алмас Ерекұлы
9. Райханова Динара Қуанышқызы
10. Тоқсеитова Рабиға Әлібекқызы
«Respublica» партиясы:
1. Айтқұлов Бекжан
2. Идрисов Руслан Рашитович
3. Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы
4. Құспеков Олжас Хайроллаұлы
5. Наумова Динара Рустамқызы
6. Смолякова Екатерина Сергеевна
7. Тау Нұргүл
8. Хасенов Махамбет Қабдұлқайырұлы
9. Қожаназаров Айдарбек Асанұлы
«Ақ жол» партиясы:
1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы
3. Еспаева Дания Мәдиқызы
4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы
5. Ли Юрий Виссарионович
6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы
7. Шынасылова Мейраш
8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы
«ЖСДП»:
1. Асхат Рақымжанов
2. Мақсұт Насибұлов
3. Нұрайнаш Қамалова
4. Лариса Ли
5. Аслан Құлмағамбетов
6. Арман Ақылбай
7. Наурыз Сайлаубай
8. Ажар Сағандықова
Дидар МӘЛІКҰЛЫ

