Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Іргелі ауылдық округіне қарасты «Алтын Орда» сауда базарында «Тазалық – тынысы» атты тазалықты сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жастары сауда базары аумағында тазалық сақтауға шақыратын арнайы ақпараттық брошюралар таратып, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және санитарлық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған шараның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоғамдық орындарда тазалық сақтау жауапкершілігін қалыптастыру және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру мен тазалық жұмыстарын қолдау.

