Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени демалысын қамтамасыз ету мақсатында «КinoGo» жобасы аясында кино кеші ұйымдастырылды.
Шараға 50-ге жуық жастар мен тұрғындар қатысты. Кеш барысында қатысушыларға еркін форматта фильм тамашалауға мүмкіндік жасалып, арнайы фуршет ұйымдастырылды. Жастар өзара пікір алмасып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.
Аталған шара жастар мен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, мәдени орта қалыптастыруына және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталды.

