Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Әрбір шешім мен көрсетілген қызмет азаматтардың мемлекетке деген сеніміне ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттік қызметші үшін кәсіби біліктілікпен қатар, әдеп нормаларын сақтау да маңызды.
Әдеп кодексі азаматтардың құқықтарын құрметтеуді, заң талаптарын сақтауды, әділ шешім қабылдауды және қызметтік өкілеттікті жеке мақсатқа пайдаланбауды көздейді.
Мемлекеттік органның жұмысына берілетін баға көбіне қызмет көрсету мәдениетіне байланысты. Азаматты мұқият тыңдау, сыпайы қарым-қатынас жасау және түсінікті жауап беру сенімді арттырады.
Барлық азаматқа тең қарау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаларды ұстану – мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі.
Заңға адалдық, жауапкершілік, әділдік және әдеп мәдениеті мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің берік негізін қалыптастырады.
А.Балажанова,
Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

