Газетіміздің өткен нөмірінде ағымдағы жылдың 10 мамыры күні еліміз бойынша басталған Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) науқанында ауданымыздың өрендері жоғары нәтижелер көрсетіп жатқаны жайлы жазып, оқырман қауыммен жағымды жаңалықты бөліскен болатынбыз. Бұл – жай сөз емес. Ауданымыз бойынша биылғы оқу жылында білім додасына қатысуға ресми түрде 3 609 мектеп бітіруші түлек өтінім білдірген еді. Емтиханның алғашқы …
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қарасай аудандық полиция басқармасының, Қарасай ауданының жастар саясаты бөлімінің және Іргелі ауылдық округі жастарының қатысуымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Антиграффити» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз жазбалар мен граффитилерді жою, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар қоғамдық орындар …
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бағыты. Заңның үстемдігі сақталған жерде тұрақтылық, әділдік және даму болады. Алатау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде қоғамдық …
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алатау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта қала аумағында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Рейд барысында компьютерлік клубтардың қызметі тексеріліп, олардың …
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бағыты. Заңның үстемдігі сақталған жерде тұрақтылық, әділдік және даму болады. Алатау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде қоғамдық …
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашыл болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Көксай ауылындағы «Aqyldy Bala» мектеп-лицейінде «Recycle Art» шығармашылық жобасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және қайта өңдеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. «Recycle Art» – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын экология …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінің бірінде тілдің қогмадағы рөлі мен маңызын терең сипаттап: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты …
Мамыр айының 10-ы күні елімізде мектеп қабырғасында алған он бір жылдық білімді қорытындылап, шәкірттердің кемелдігін сынайтын маңызды да шешуші кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) науқаны басталған болатын. Қазіргі уақытта Қарасай ауданының жас өрендері осынау жауапты сынның бірінші кезеңінен сүрінбей өтуде. Алғашқы күндерден-ақ бағы мен бабы қатар шапқан оқушыларымыз тамаша нәтижелер көрсетіп, аудан қоржынына толымды …
Қарасай ауданының орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы жарты жылдай уақыт өтті. Мұндағы құрылыс қарқынына көз жеткізу мақсатында жақында медициналық мекемеге арнайы барып, назардағы нысанның жай-күйін көріп қайтқан едік. Байқағанымыздай, мердігер мекеменің мамандары әкімшілік мекеменің сыртқы жұмыстарын аяқтап, ішкі әрлеуіне кіріскен екен. Одан бөлек негізгі ғимаратта да жөндеу жұмыстары басталыпты. Құрылыстың жалпы жағдайын білу үшін …
Алматы облысында нашақорлыққа қарсы айлық басталды. Бұл- есірткі қылмысымен күрес бойынша мемлекеттік саясат аясында өткізілетін маңызды шара. Бүгінде профилактикалық шара іске асып, облыс көлемінде 93 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған, оның 42-і қылмыс болса, 51-і қылмыстық теріс қылық деп тіркелген. Бұл жайында облыстық Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Төлеу …









