Шамалған ауылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында «Балалар, назар аударыңыз!» атты профилактикалық түнгі рейд өткізілді.
Іс-шараға Қарасай аудандық полиция басқармасы, полиция майоры Жапаркулов А.Ж. және Шамалған округі әкім аппаратының бас маманы Рымбаева Б. бірлесіп қатысты.
Рейд барысында түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүрген кәмелетке толмаған балалардың жағдайы тексеріліп, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі мен құқықтық жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 15 кәмелетке толмаған балаға қатысты хаттамалық ескерту жасалды.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

