Қонаев қаласындағы №937 сайлау учаскесінің мамандары Тимур Шолпанбекұлының үйіне барды. Анасының айтуынша, Тимур 2003 жылы 28 жасында басына тиген соққыдан кембағал атанған. «Менің баламның да дауысы маңызды. Ол қоғам өміріне белсене қатысуы қажет. Сайлау учаскесіне барып, үйден дауыс беруге өтініш білдірдік. Мамандар бірден қабыл алды. Балам қалаған кандидатына дауысын бергеніне қуаныштымын», – деді Тимурдың анасы …
Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин сайлау учаскелерінде тіркелген заңбұзушылық жағдайлары туралы ақпарат берді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді. Бұл бұзушылықтар Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде орын алды, деп хабарлады Азамат Сарғазин. Сондай-ақ, Жетісу облысының Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерде, Айыртау және …
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09% бюллетеньдер алды. Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 57,02% 2. Ақмола облысы бойынша – 60,01% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 57,45% 4. Алматы облысы бойынша – 60,03% 5. Атырау облысы …
Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде «Baqyla» қоғамдық ұйымының атынан байқаушы болған Қали Кәрімханның айтуынша, бүгінгі өткен сайлаудың ерекшелігі саяси партиялардың көп тіркелуінде болды. Жалпы саяси науқан қызықты додаға айналды. «№949 сайлау учаскесінде ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ. Бүгін сайлаушылар өз үйінің жанында тұрған сайлау учаскелерінде емес, бекітілген жерлерде дауыс берді. Сондықтан халық тіркелген жерін білмей қалған …
Саяси науқаннан қарияларда шет қалмады. Солардың бірі 91 жастағы кейуана Рабига Молдакарозова. Ол Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны. Ақ жаулықты әже өз тіркелген сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн. Бұл сәттен менде қалыс қалмауды ұйғардым. Болашаққа бәріміз жауаптымыз. Мен ұрпағымның келешегі үшін дауыс бердім. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық …
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98% бюллетеньдер алды. Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 55,23% 2. Ақмола облысы бойынша – 58,96% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,32% 4. Алматы облысы бойынша – 59,45% 5. Атырау облысы …
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына шағын және орта кәсіпкерлерден әкімшілік кедергілер бойынша өтініш келіп түсті. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлер 100 млн теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыра алмай жүрген. Осының аясында кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, нәтижесінде өтінімдері қабылданды. …
С января текущего года жители отдельных сельских округов Карасайского района, которых обслуживает ТОО «Сигма-ГАЗ», выражают свои возмущения по поводу высоких тарифов и низкого качества природного газа. Наконец, 10 марта текущего года Департамент Комитета по регулированию естественных монополий (ДКРЕМ) Министерства национальной экономики РК по Алматинской области вынес мотивированное заключение, согласно которому с 1 апреля тариф будет …
2023 жылғы 3 наурыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттығы рәсіміне өтінімдер қабылдана бастады. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Банкроттық туралы заң) рәсімдердің үш түрін – соттан тыс банкроттықты, сот банкроттығын және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді көздейді. Бұл рәсімге қарыз алушының өзі ғана бастама жасай алады. Азаматтар …
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды. Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті. – Оның бағыт-бағдарын …








