Ағымдағы жылдың 8 қараша күні көрікті Үшқоңыр шатқалында Қарасай ауданы әкімдігі мен SDU университетінің әкімшілігі жүгіру марафонын ұйымдастырды. Спорттық шараға 100-ден аса қатысушы қатысып, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Марафонның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жүгіру спортын кеңінен дәріптеу, бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттыру, жастар мен тұрғындарды …
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы игі бастамаға Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ұжымы да белсенді атсалысты. Институт қызметкерлері ауылдың Ерлепесов көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық аумақты қоқыстан тазартып, айналаның көркеюіне өз үлестерін қосты.
Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияға Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты, Жастар саясаты саласының мамандары мен Іргелі ауылдық округінің кітапхана қызметкерлері белсене қатысты. Шара барысында қатысушылар кітап оқудың маңыздылығын атап өтіп, оқырмандық мәдениетті дамытуға бағытталған ой-пікірлерімен бөлісті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұмтыл ауылдық округінің, Алмалыбақ ауылындағы саябақ аумағына 50 түп арша, катальпа және жұпаргүл көшеттері отырғызылды. Саябақтың жасыл желегін көбейтіп, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті демалыс орнын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет!
Экологиялық мәдениет қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір беру, аулаларды көгалдандыру және ауыл тұрғындарына нақты экологиялық шешімдерді көрсету. Алматы облысында Бесағаш ауылында осы бағыттарды қамтитын бірнеше экологиялық жоба жүзеге асырылуда. «ВЕРТИКАЛДЫ ЭКО-АУЛА»: ШАҒЫН АУМАҚТАҒЫ ҮЛКЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМ Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі – ірі қалалар маңындағы ауылдардың әлеуметтік-экологиялық жағдайы. Қалаға жақын қоныстанған мыңдаған отбасы бүгінде шағын …
В Астане началась подготовка к празднованию 35-летия Независимости Республики Казахстан. В преддверии государственной даты на зданиях и LED-экранах столицы появилось тематическое праздничное оформление, передает официальный сайт столичного акимата. Праздничные изображения, посвящённые Независимости страны, разместили на 3D LED-экране, колесе обозрения, фасаде здания АО «НК «Қазақстан темір жолы» и других объектах города. Тематическое оформление подчёркивает значимость исторической …
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Каскелең қаласында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек ұжымдарының мүшелері және жастар арасынан шыққан еріктілер белсенді қатысты. Іс-шара барысында қаланың орталық көшесі – Абылай хан даңғылының бойына барлығы 150 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 100 қарағай мен 50 қайың бар. Сонымен қатар …
2026 жылғы 6 қарашада Астана қаласынан бастау алған республикалық «Бірге оқиық» әдеби акциясына Қарасай аудандық кітапханасы да үн қосты. Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай ұйымдастырылған акцияға Мәдениет колледжі, Аяжан, Қ. Гуманитарлық колледжінің студенттері мен Қарасай аудандық кітапханасының қызметкерлері қатысты.
Шамалған ауылдық округі әкімдігі, Қарасай ауданының Мансап орталығы және EcoJurekAlmaty ұйымының негізін қалаушысының бірлесуімен Үшқоңыр тауында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілік барысында қатысушылар тау бөктерін қоқыстан тазартып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет! Әрбір игі …
Толстой орта мектебінің оқушылары республикалық «Кітап оқитын ұлт» акциясын зор ықыласпен қолдайды! Біз үшін кітап оқу – тек тапсырма емес, бұл: •Дүниетанымды кеңейту; •Сөздік қорды байыту; Болашаққа жасалған үлкен қадам! Мектебіміздің оқушылары күн сайын көркем әдебиет әлеміне саяхат жасап, жаңа идеялар мен шабыт алуда. Өйткені оқыған ұрпақ – білімді әрі сәтті болашақтың кепілі!










